Азия чемпионаты мәресіне жетті

18:20 | 23 шілде 2017

Таиландтың Бангкок қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы екі күнінде еркін күрес пен қыздар күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Азия чемпионатының үшінші күні қыздар күресінен бәсекелер аяқталды. 40 келі салмақта ел намысын қорғаған Айдана Сұлтанова қола жүлдегер атанды. Осылайша, қыздарымыз Азия чемпионатының қорытындысы бойынша 3 күміс, 1 қола медальмен командалық есепте Жапония, Үндістан, Моңғолиядан кейінгі төртінші орынға ие болды.

Еркін күрес балуандары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Соңғы жарыс күні 69 келі салмақта Мейрамбек Сүлейменов топ жарды. 46 келіде күрескен Еламан Қадырсейт пен 50 келідегі Ақбар Құрбановқа күміс медаль бұйырды. Еламан алтын медаль үшін болған белдесуде ирандық балуаннан ұтылса, Ақбар оңтүстіккореялық балуаннан жеңілді.

Дәулет Теміржанов (54 келі), Дәулет Тәжібай (58 келі), Савет Абылай (85 келі) – Азия чемпионатының қола жүлдегерлері.

Командалық есепте еркін күрес балуандары Иран мен Үндістаннан кейін үшінші орынға ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар