Алматы қаласы мен Қызылорда облысы жартылай финалға жолдама алды

20:51 | 08 қазан 2017

Елімізде Конфедерация кубогының екінші маусымы басталды. Спорт мамандарының тарапынан жоғары бағаға ие болған Конфедерация кубогы Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтыңбастамасымен былтыр тұңғыш рет өткізілген болатын. Жарыстың мақсаты – еліміздегі ең басты спорт түрлерінің аймақтардағы дамуына оң ықпал ету.

Конфедерация кубогының екінші маусымы Тараз қаласында ашылды. Д тобын Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының спортшылары құрады.

Грек-рим күресінен жартылай финалға бірінші болып, Қызылорда облысының балуандары жолдама алды. Сыр өңірінің балуандары шешуші бәсекеде Алматы қаласының спортшыларынан басым түсті. Енді қызылордалықтар желтоқсан айының 2-3 күндері Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін финалдық этапта өз өнерлерін ортаға салады.

Еркін күрес балуандары арасынан Алматы қаласының балуандары қара үзіп шықты. Бұл жерде керісінше, қызылордалық балуандар алматылықтардан финалда ұтылды. Енді Алматы балуандары да желтоқсан айының басында Конфедерация кубогының бас бәйгесі үшін барын салады.

Конфедерация кубогының жүлде қоры 125 млн. теңгені құрайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар