Ақтауда Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі аяқталды

20:56 | 29 қазан 2017

Ақтауда Конфедерация кубогының соңғы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. В тобында Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының спортшылары күш сынасты.

Грек-рим күресі бойынша жартылай финалдық жолдаманы Қарағанды облысының жігіттері жеңіп алды. Қарағандылық балуандар жарыс барысында үш белдесуді де сәтті өткізді. Сарыарқа төсінен келген команда алғашқы айналымда Шығыс Қазақстан облысын 6:2 есебімен ұтты. Екінші айналымда Маңғыстау облысының балуандарын 8:0 есебімен күйрете жеңді. Соңғы шешуші бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысынан айласын асырды – 6:2.

Еркін күресте Шығыс Қазақстан облысына тең келер құрама болмады. Шығыстың жігіттері Қарағандыны 6:2 есебімен ұтса, Маңғыстаумен 4:4 есебімен тең түскен. Алайда, қосымша ұпай көрсеткіші бойынша алға шықты. Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы іріктеу сайысына команда қоспады.

Осылайша, бір айға созылған іріктеу бәсекелері аяқталды. Енді 2-3 желтоқсанда Алматының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында жартылай және финалдық сайыстар өтеді. Грек-рим күресі бойынша Конфедерация кубогын Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының балуандары өзра сарапқа салады. Ал, еркін күресте Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы және Ақтөбе облысының құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Грек-рим күресі

1) Маңғыстау облысы – СҚО – 2:6

2) Қарағанды облысыШҚО6:2

3) Маңғыстау облысыҚарағанды облысы0:8

4) СҚО– ШҚО– 6:2

5) Маңғыстау облысы – ШҚО4:4 (қосымша ұпай көрсеткішімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті)

6) СҚО – Қарағанды облысы – 2:6

Еркін күрес

Маңғыстау облысы – Қарағанды облысы 6:2

2) Маңғыстау облысы – ШҚО – 4:4 (Жалпы ұпай бойынша ШҚО жеңіске жетті)

3) Қарағанды облысы – ШҚО– 2:6

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар