Дауламбаев пен Мамедов Таразда топ жарды

22:16 | 26 қараша 2017

Қарашаның 25-26 күндері Тараз қаласында қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирге биыл Қазақстаннан бөлек, 10 мемлекеттің балуандары қатысты.

Қазақстан құрамасының сапынан 86 келі салмақта күрескен Әділет Дауланбаев турнир жеңімпазы атанды. Финалда ол Грузиядан келген Сандро Аминошвилиді жеңді.

Сондай-ақ, 97 келі салмақта өнер көрсеткен Мамед Ибрагимов те Қонаев турнирінің бас жүлдесіне ие болды. Мамед финалда ресейлік балуанды ұтты.

Нурислам Санаев (61 келі) пен Болат Сақаев (74 келі) – халықаралық турнирдің күміс жүлдегерлері.

Қола жүлдеге Мухамбет Қуатбек (57 келі), Тимур Айтқұлов (61 келі), Мейіржан Әшіров (65 келі), Олег Болтин (125 келі) сынды балуандарымыз ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар