Конфедерация кубогы-2017: Алматы облысы дес бермеді

21:53 | 03 желтоқсан 2017

Алматыда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының ұйымдастыруымен спорттың алты түрінен дәстүрлі Конфедерация кубогы жолындағы жарыс аяқталды. Еліміздің барлық аймақтарын қамтыған командалық сайыста грек-рим және еркін күрес түрлерінен де жеңімпаздар анықталды.

Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен Алматы облысының грек-рим және еркін күрес құрамасы Республикада өздеріне тең келер қарсылас жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан құрамасын 5:3 есебімен ұтқан Алматы облысы дәл осындай есеппен финалда Қарағанды облысының балуандарынан да басым түсті.

Еркін күресте Конфедерация кубогының бас жүлдесін Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы сарапқа салды. Тартысты өткен белдесу 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал, балуандардың жалпы алған ұпайлары бойынша Алматы облысы 42:40 есебімен алға шықты.

Осылайша, биыл екінші рет өткізіліп тұрған Конфедерация кубогында Алматы облысы күрестің екі түрінен де оза шапты. Естеріңізде болса, былтыр да Алматы облысының балуандары күрестің екі түрінен жеңімпаз атанған-ды.

Финалдық белдесулердің қорытындысы

Грек-рим күресі

Еркін күрес

Фото - Данияр Майлыбаев

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар