Көңіл айту

20:22 | 02 желтоқсан 2017

«Қазақстан Республикасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» ұжымы еркін күрестен КСРО спорт шебері, ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қапанов Мұсабек Қапанұлының қайтыс болуына байланысты отбасына, тума-туыстарына көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы,топырағы торқа, иманы серік болсын.

Мұсабек Қапанұлы Қапанов - 1947 жылы 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ново-Канайка ауылында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1973), жаттықтырушы-оқытушы.

1969 жылдан - «Қайрат» ЕСҚ Орталық кеңесі спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы.

1990 жыл - Алматы қаласы Республикалық спорт колледжінің еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы. ҚазКСР чемпионы (1968-1970) Нәдірбеков Мәлікті тәрбиелеген. Еркін күрестен КСРО спорт шебері. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1979). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2007).

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар