Бекжанов - күміс жүлдегер

15:18 | 10 ақпан 2018

Иранның Табриз қаласында 8-9 ақпан аралығында еркін күрестен халықаралық Тахти кубогы жолындағы жарыс мәресіне жетті. Екі күнге созылған турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының балуандары 1 күміс медальға ие болды. 74 келі салмақта күрескен Нұрлан Бекжанов финалда болгариялық Амир Паша Умарпашаевтан ұтылып қалды.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы ақпан айының соңында Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия чемпионатына қатысатындықтан Тахти кубогында негізінен екінші номерлі балуандар қатысты.

Қола медаль үшін күрескен 74 келідегі Болат Сақаев туркиялық Якуп Гордан жеңіліп, бесінші орынды қанағат тұтты.
Саятбек Окасов (65 кг), Жигер Закиров (79 кг), Нурдаулет Көктеубаев (86 кг), Сакен Айтжанов (86 кг) өкінішке қарай, Тахти кубогынан жүлдесіз қайтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар