1 күміс, 1 қола медаль

16:20 | 28 наурыз 2018

Наурыздың 23-25 аралығында Болгарияның София қаласында Дан Колов пен Никола Петров атындағы дәстүрлі турнир өтті.

Екі күнге созылған турнир барысында күрестің үш түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы бұл сында 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

55 келі салмақта күрескен Марина Седнева алғашқы айналымда чехиялық балуаннан айласын асырса, екінші айналымда болгариялық бойжеткеннен басым түсті. Өкінішке қарай, финалда Польша балуаны Рокасана Засинадан 2:4 есебімен ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.

76 келіде күрескен Гүлмарал Еркебаева бірінші айналымда перулік қарсыласын ұтып еді. Алайда, екінші белдесуінде Рио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Екатерина Букинадан ұтылып қалды. Ресейлік балуан финалға шыққаннан кейін Гүлмаралға қола медаль үшін күресуге мүмкіндік туып, балуанымыз екі бірдей қарсыласын жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Алдымен ол жұбаныш (утишительный) белдесуде норвегиялық бойжеткеннен айласын асырса, қола медаль үшін венгриялық қарсыласын қапы қалдырды.

23-25 наурыз. София, Болгария.
Әйелдер күресі. Дан Колов және Никола Петров атындағы халықаралық турнир.

50 кг. 1. Мария Стадник (Әзірбайжан). 2. Милана Дадашева (Ресей). 3. Надежда Соколова (Ресей), Анна Лукасяк (Польша).

53 кг. 1. Катаржина Кравчик (Польша). 2. Екатерина Полещук (Ресей). 3. Ксения Незговорова (Ресей), Мерседес Денес (Венгрия).

55 кг. 1. Роксана Засина (Польша). 2. Марина Седнева (Қазақстан). 3. Нина Менкенова (Ресей), Ленка Хочкова (Чехия).

57 кг. 1. Эмесе Барка (Венгрия). 2. Ольга Хорошавцева (Ресей). 3. Матильда Ревьер (Франция), Биляна Дудова (Болгария).

59 кг. 1. Светлана Липатова (Ресей). 2. Мими Христова (Болгария). 3. Марва Амри (Тунис), Элиф Есилирмак (Түркия)

62 кг. 1. Тайбе Юсейн (Болгария). 2. Батцецег Соронзонболд (Моңғолия). 3. Татьяна Смоляк (Ресей), Луизе Манзке (Германия).

65 кг. 1. Атела Ханзликова (Чехия). 2. Светлана Бабушкина. 3. Валерия Суворова (Ресей), Элис Манолова (Әзірбайжан).

68 кг. 1. Бусе Тосун (Түркия). 2. Анастасия Братчикова (Ресей). 3. София Георгиева (Болгария), Лаура Скуина (Латвия).

72 кг. 1. Агнежка Вьезчик-Кордус (Польша). 2. Синтия Вескан (Франция). 3. Мари Фидже Сторе Синь (Норвегия).

76 кг. 1. Алин Фокен (Германия). 2. Екатерина Букина (Ресей). 3. Гүлмарал Еркебаева (Қазақстан), Светлана Саенко (Молдава).

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар