Құттықтаймыз!

09:24 | 10 сәуір 2018

Бүгін грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың туған күні.

Нұрбақыт 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылында дүниеге келген. Күреспен 12 жасынан бастап шұғылданған ол - 2003 жылғы жастар арасында әлем чемпионы. 2006 жылы Азия құрлығында бас жүлдені жеңіп алып, 2008 жылы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 2009 жылы Данияның Хернинг қаласында өткен әлем чемпионатында елімізге қола медаль сыйлады.

Даңқты балуан бүгінде Талдықорған қаласында Облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметін атқарады.

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Нұрбақыт Молдахметұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Қазақстан спортының дамуы жолында қызмет істеп жүрген балуанымызға зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар