Дінмұхамед Қошқар - грек-рим күресінен Азия чемпионы!

22:04 | 10 мамыр 2018

Ташкентте кадеттер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды. Грек-рим күресінен 55 елі салмақта ел намысын қорғаған Дінмұхамед Қошқар өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, Азияның жеңімпазы атанды. Дінмұхамед финалда өзбекстандық Амирбек Солтановтан басым түсті.

Финалда ирандық Саджад Жавидтен 4:7 есебімен жеңілген Исхар Курбанов (48 кг) Азияның күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қола медальді 45 келідегі Мақсат Ерманов жеңіп алды. Мақсат үшінші орын үшін болған белдесуде қытай балуанын 12:1 есебімен ұтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар