Грек-рим күресінің балуандары екінші орында

23:14 | 11 мамыр 2018

Ташкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күресі балуандарының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. 65 келі салмақта ел намысын қорғаған Абдиазим Карабаев финалда қырғызстандық Бакдаулет Егембердиевті жеңді. Іріктеу кезеңінде отандасымыз Қытай және Иран елдерінің балуандарынан басым түсті.

71 келі салмақта күрескен Вейсал Эюбов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Эюбов Корея балуанын ұтты.

Командалық есепте грек-рим күресінің балуандары 138 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 180 ұпаймен бірінші орын алса, Өзбекстан құрамасы 135 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.

Қыздар арасындағы бәсекеде 40 келі салмақта күрескен Марал Тәңірбергенова Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады. Марал үшінші айналымда моңғолиялық балуаннан ұтылғанымен қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық бойжеткенді жеңді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар