Еркін күрес балуандары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды

21:40 | 09 маусым 2018

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында еркін және әйелдер күресінен "Моңғолия Open" халықаралық турнирі өтуде. Жарыстың алғашқы күні Әсет Серікбаев жаттықтыратын еркін күрес балуандары қоржынымызға 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль салды.

86 келі салмақта күрескен Әділет Дауламбаев пен 97 келідегі Бақдаулет Әлментай Моңғолия жерінде қарсылас шақ келтірмей, өз салмақтарының үздігі атанды. 65 келіде күрескен Саятбек Оқасовтың еншісінде күміс медаль. 74 келідегі Данияр Қайсанов қола жүлденің иесі.

Айта кетейік, Моңғолия астанасында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанған балуандар 1000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, күміс жүлдегерге 800 АҚШ долары берілді. Қола жүлдеге ие болған балуан 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар