Еркін күрес балуаны Ілияс Жұмай қошқар көтеруден рекорд орнатты

12:56 | 15 маусым 2018

Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бүгін, «Ораза айт» мерекесінің бірінші күні жиналған 3000-нан астам орталық мешіт жамағатты осы бағдарламаның ашылу салтанатына қатысты.

Олар концерттік бағдарлама және акробаттардың өнерін тамашалап қана қоймай, қошқар көтеру, асық ату, бағанаға шығу, арқан тарту, гір көтеру спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Осы жарыстарға қатысушылар жігерлік танытып, қошқар көтеруден сайысқа түсті. Еркін күрес балуаны, ұлттык құраманың мүшесі Ильяс Жұмай 40 келі қошқарды 205 рет көтеріп рекорд орнатты.

- Осындай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Жеңгеніме қуаныштымын. Одан да көп көтеруге күшім жетер еді, бірақ барлығы бірауыздан жеңісті маған бергендіктен жалғастырудың мәні болмады. Өзім еркін күреспен 8 жастан бері айналысып келемін. Сондықтан болар, ауыр болмады, - деп Иляс Жұмай өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, сондай-ақ, мешітке келушілерге арнайы айт мейрамының мерекелік дастарханы жайылды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар