​Еркін күрес балуандары 4 қола медаль жеңіп алды

16:27 | 29 шілде 2018
Түркияның Ыстамбұл қаласында еркін күрестен Яшар Догу атындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасының балуандары 5 қола медаль жеңіп алды.
65 келіде күрескен Дәулет Ниязбеков жартылай финалда ирандық балуаннан ұтылғанымен, қола медаль үшін болған белдесуде украиналық балуанды 10:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Дәл осы салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Мадияр Бурхан да қола медаль жеңіп алды. Мадияр 1/8 финалда әзірбайжандық балуаннан ұтылып қалған еді. Алайда, қола медаль үшін болған белдесулерін сәтті өткізді.
74 келі салмақта күрескен Болат Сақаев пен Нұрлан Бекжанов та Яшар Догу турнирінің қола жүлдегерлері атанды. Болат үшінші орын үшін болған белдесуде Беларусь балуанынан айласын асырса, Нұрлан Иран балуанынан басым түсті.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар