Еркін күрестен Азия ойындарына қатысатын балуандардың есімі белгілі болды

14:23 | 30 шілде 2018

18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына қатысатын еркін күрес балуандары анықталды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев мәлімдеді.

Бас бапкердің айтуынша, құрлықтың кішігірім Олимпиадасына аттанатын спортшыларды таңдау кезінде Қазақстан чемпионатының қорытындысына үлкен мән берілген.

- Жазғы Азия ойындарында балуандар Олимпиада бағдарламасына енетін алты салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ал біз Азиадада ел намысын қорғайтын балуандарды Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша анықтадық. Бүгінде ұлттық құрама спортшылары Алматыдағы АІВА акдемиясында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жиын 15 тамызға дейін жалғасады, - дейді бас бапкер.

Сондай-ақ, Әсет Иманбаев біздің спортшылардың басты қарсыластарына да тоқталды.

- Азия аймағында күрестің қарқыны жыл өткен сайын күшейіп келеді. Иран, Корея, Үндістан мен Моңғолия балуандарының әлемдік сындарда алдыңғы қатардан көрінетіні жасырын емес. Біздің жігіттерді де осал дей алмаймын. Джакарта кілемінде кімнің мықты екені белгілі болады, - дейді ол.

Еркін күрестен Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі:

Жандос Исмаилов, 57 келі (Алматы облысы)

Саятбек Оқасов , 65 келі (Павлодар облысы)

Данияр Қайсанов, 74 келі (ШҚО)

Әділет Дәулембаев, 86 келі (Алматы)

Бақдәулет Әлментай, 97 келі (Шымкент)

Олег Болтин, 125 келі (ШҚО)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар