Тегеранда кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді

22:59 | 30 шілде 2018

Ертен Иранның Тегеран қаласында күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады. Осыған байланысты еркін күрестен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Еркебулан Кешубаев құрлық біріншілігіне қатысатын балуандардың есімін жариялады. Азия чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтеді.

Еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын еркін күрес балуандарының тізімі:

Әскербек Дарын (ШҚО) - 38 келі

Амангелді Еламан (Қарағанды обл.) - 41 келі

Яндиев Амерхан (Ақтөбе обл.) - 44 келі

Нұрланбек Әбдінұр (Жамбыл обл.) - 48 келі

Амирханов Эмиль (Маңғыстау обл.) - 52 келі

Чакеев Олжас (Алматы қ.) - 57 келі

Ерболатов Ілияс (ШҚО) - 62 келі

Жақсыбаев Әділ (ШҚО) - 68 келі

Медов Омар (Павлодар обл.) - 75 келі

Бекенов Нұрдәулет (Алматы қ.) - 85 келі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар