Жазғы Азия ойындарына қатысатын грек-рим күресі балуандарының есімі белгілі болды

09:05 | 02 тамыз 2018

Грек-рим күресінен Қзаақстан құрамасының бас бапкері Нұрым Дүйсенов жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандардың есімін жариялады. Жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді.

Бүл күндері ұлттық құраманың балуандары Азия ойындары қарсаңындағы соңғы-оқу жаттығу жиындарын Тараз қаласында өткізіп жатыр. Индонезия астанасында өтетін додада балуандар Олимпиада бағдарламасына кірген 6 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Құрама сапына Мейрамбк Айнағұлов, Алмат Кебісбаев, Нұрмахан Тыналиев сынды әлем чемпионатының жүлдегерлері бар. Сондай-ақ, биыл Бішкекте өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған Асхат Ділмұхамедов те жазғы Ойындарда ел намысын қорғайды.

Жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі:

60 келі. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл.)

67 келі. Алмат Кебісбаев (Астана қ.)

77 келі. Асқат Ділмұхамедов (Алматы обл.)

87 келі. Азамат Құстыбаев (Астана қ.)

97 келі. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды обл.)

130 келі. Нұрмахан Тыналиев (Алматы обл.)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар