Қоржынымызда 8 медаль

09:12 | 10 қыркүйек 2018

Қыркүйектің 7-9 аралығында Польшаның Варшава қаласында еркін күрестен Вацлав Циолковский атындағы халықаралық турнир өтіп, онда еліміздің балуандары 8 медаль жеңіп алды.

Жыл сайын өтетін турнирде Қазақстан құрамасының балуандары сапынан Қуат Әміртаев (61 кг), Амандық Бәкеев (70 кг), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг) және Мамед Ибрагимов (97 кг) күміс медальға ие болды. Өкінішке қарай, төрт балуанымыз да финалдық белдесулерінде есе жіберді. Бұдан басқа төрт балуанымыз – Нұрислам Санаев (57 кг), Дәурен Жұмағазиев (70 кг), Бақтияр Ізбасараов (79 кг) халықаралық турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар