Ардагерлер арасында әлем чемпионаты аяқталды

09:17 | 07 қазан 2018

Ресейдің Пермь қаласында грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бес категория бойынша өткен әлемдік жарыста қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

А категориясы бойынша 70 келі салмақта күрескен Ербол Қоңыратов белдесулерінің барлығында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, Е категориясында 130 келіде күш сынасқан Абдулла Забаков та өз салмағында топ жарды.

Грек-рим күресінен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

А категориясы: 70 кг. Ербол Қоңыратов – алтын медаль;

Е категориясы: 130 кг. Абдулла Забаков – алтын медаль

С категориясы: 62 кг. Нұржан Нұрбеков – күміс медаль; 70 кг. Нариман Каирманов – күміс медаль;

D категориясы: 62 кг. Канат Галиев – күміс медаль;

Е катеогриясы: 62 кг. Касенхан Сергазиев – күміс медаль;

В категориясы.62 кг. Жанболат Абитов – қола медаль; 88 кг. Қайрат Борумбаев – қола медаль;

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар