Қоржынымыз екінші қола медальмен толықты

22:33 | 27 қазан 2018

Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. 67 келі салмақта күрескен Меиржан Шермаханбет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Меиржан қола жүлде үшін болған белдесуде француз балуаны Мамадасса Силланы 9:0 есебімен жеңді.

Бұған дейін 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Айдос Сұлтанғали де қола жүлдеге ие болған-ды.

67 кг

1. Артем Сурков (Ресей)

2. Давор Штефанек (Сербия)

3. Меиржан Шермаханбет (Қазақстан), Геворг Саакян (Польша).

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар