Үш балуанымыз финалға жолдама алды

23:34 | 28 ақпан 2019

Бүгін Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен дәстүрлі Д.Колов пен Н.Петров атындағы халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің балуандары 55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежелерінде финалға жолдама алған балуандарды анықтады. Қазақстан құрамасы сапында 55 келі салмақта күрескен Корлан Жаханша ертең турнирдің бас жүлдесін реселік Виталий Кабалевпен сарапқа салады. Корлан жартылай финалда Қазақстанның тағы бір балуаны Амангали Бекболатовтан айласын асырды. А.Бекболатов ертең қола медаль үшін күреседі.

Грек-рим күресі

Қазақстан балуандарының нәтижелері

55 кг. Іріктеу кезеңі

Аманғали Бекболатов (Қазақстан) – Марат Гарипов (Бразилия) – 9:0

Ширек финал

Аманғали Бекболатов (Қазақстан) – Муслим Анинли (Түркия) – 9:0

Қорлан Жаханша (Қазақстан) – Александр Иванов (Болгария) – 8:0

Жартылай финл

Қорлан Жаханша (Қазақстан) - Аманғали Бекболатов (Қазақстан) – 9:4

63 кг

Ширек финал

Ширек финал

Ербату Туо (Қытай) – Әділхан Сатаев (Қазақстан) – 6:2

82 кг

Іріктеу кезеңі

Хайтао Цянь (Қытай) – Мақсат Ережепов (Қазақстан) – М.Ережепов белдесуге шықпады

Ширек финал

Мехметали Кукукосман (Түркия) – Мирас Баршылықов (Қазақстан) – 9:6

1 наурыз. Финал. 55 келі

Қорлан Жаханша (Қазақстан) - Виталий Кабалоев (Ресей)

3-орын үшін белдесу

Амангали Бекболатов (Казахстан) - Александр Иванов (Беларусь)

Еркін күрес балуандары арасындағы бәсекеде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев та халықаралық турнирдің финалына жолдама алды. 61 келіде күрескен Нұрислам финалға дейін Түркия, Өзбекстан және АҚШ елінің балуандарын ұтып шықты. Дәл осы салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Әміртаев 1/8 финалда ұтылып, жарыстан шығып қалды.

Еркін күрес

Қазақстан балуандарының нәтижелері

61 келі.

1/8 финал

Нұрислам Санаев (Қазақстан) – Ариан Тютрин (Ресей) – 6:2

Реджеп Топал (Түркия) – Қайрат Әміртаев (Қазақстан) – 7:6

Ширек финал

Нұрислам Санаев (Қазақстан) – Жахонгирмырза Туробов (Өзбекстан) – 1:1

Жартылай финал

Нұрислам Санаев (Қазақстан) – Джозеф Колон (АҚШ) – 13:2

1 наурыз. Финал. 57 келі.

Нұрислам Санаев (Қазақстан) - Сандееп Томар (Үндістан)

Әйелдер күресінде 55 келідегі Марина Седнева да турнирдің шешуші бәсекесіне жолдама алды. Ол ширек финалда Қазақстанның тағы бір балуаны Жұлдыз Эшимованы ұтты. Жартылай финалда Беларусь балуанынан басым түсті.

72 келіде күрескен Жамила Бақбергенова жартылай финалда түркиялық бойжеткеннен ұтылып, ертең қола медаль үшін күреседі.

Әйелдер күресі

Қазақстан балуандарының нәтижелері

55 келі.

Ширек финал

Марина Седнева (Қазақстан) – Жұлдыз Эшимова (Қазақстан) – 3:2

Жартылай финал

Марина Седнева (Қазақстан) – Залина Сидакова (Беларусь) – 2:2

72 кг.

Ширек финал

Жамила Бакбергенова (Қазақстан) – Самар Хамза (Египет) – 5:0

Жартылай финал

Бусе Тосун (Түркия) – Жамила Бақбергенова (Қазақстан) – 9:6

Финал. 55 келі.

Марина Седнева (Қазақстан) – Мария Преволараки (Грекия)

3-орын үшін белдесу

Жулдыз Эшимова (Қазақстан) – Залина Сидакова (Беларусь)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар