Нурислам Санаев Болгариядағы турнирде жеңімпаз атанды

23:51 | 01 наурыз 2019

Болгарияның Русе қаласында өтіп жатқан Д.Колов пен Н.Петров атындағы халықаралық турнирде алғашқы жеңімпаздар белгілі болды.

61 келі салмақтағы еркін күрес шебері Нұрислам Санаев финалда үндістандық Сендаап Томарды 10:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Өкінішке қарай, грек-рим күресінде финалға шыққан Корлан Жаханша (55 келі) мен қыздар күресінде Марина Седнева (55 келі) финалдық бәсекелерінде ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты. К.Жаханша финалда ресейлік Виталий Кабалоевтан ұтылса, М.Седнева грекиялық Преволараки Марияға есе жіберді.

Сонымен қатар, халықаралықы турнирде Жұлдыз Эшимова (55 келі) мен Аманғали Бекболатов (55 келі, грек-рим күресі) қола жүлдеге ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар