Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды

19:45 | 23 сәуір 2019

Бүгін Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні бозкілемге шыққан еркін күрес балуандары арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді 70 келі салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов салды. Іріктеу кезеңінде Ирак, Түркіменстан және Иран балуандарын ұтқан отандасымыз финалда жапониялық балуанды 9:0 есебімен жеңді.

Өкінішке қарай, финалда күш сынасқан 65 келідегі Саятбек Окасов үндістандық балуаннан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.

79 келіде ел намысын қорғаған Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық балуанды жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 97 келідегі Әлішер Ерғали де қырғызстандық балуаннан айласын асырып, қола медальға қол жеткізді.

1-ші күннің нәтижелері

57 келі.

1/8 финал - Мейрамбек Қартбай (Қазақстан) – Кумар Рави (Үндістан) – 4:9

65 келі.

1/8 финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Хаджы Мохаммад Әли (Бахрейн) – 9:1

¼ финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ерназар Ахметалиев (Қырғызстан) – 10:0

½ финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ханг Сонг Ким (Корея) – 4:4

Финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Бажранг (Үндістан) – 7:12

70 келі

1/8 финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Карам Шахир Махмуд (Ирак) – 0:0

¼ финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Батыр Боржаков (Түркіменстан) – 11:0

½ финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Алиакбар Емамишогаеи (Иран) – 12:2

Финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Коджиро Шига (Жапония) – 9:0

79 келі

1/8 финал - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Азамжон Юсупов (Тәжікстан) – 10:0

¼ финал - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Нодирбек Егамбердиев (Өзбекстан) – 8:0

½ финал - Парвен Рана (Үндістан) – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – 3:2

3-орын үшін - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Юта Абе (Жапония) – 6:0

97 келі

¼ финал - Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Мин Во Сео (Корея) – 6:2

½ финал - Реза Әли Яздани (Иран) – Әлішер Ерғали (Қазақстан) – 9:3

3-орын үшін - Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Магомед Мусаев (Қырғызстан) – 6:2

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар