Қайсанов - Азия чемпионы!

17:02 | 24 сәуір 2019

Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандары жарысты аяқтады. Әсет Серікбаев баптайтын еліміздің еркін күрес құрамасы бұлы сында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Бүгін жарыс жолына шыққан балуандардың арасында 74 келі салмақта ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов финалда үндістандық балуаннан айласын асырып, Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Данияр былтыр Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған балуан.

Өкінішке қарай, Даниярдан басқа төрт балуанымыз іріктеу сайыстарын сәтсіз өткізіп, Азия чемпионатынан жүлдесіз қалды.

Екінші күннің нәтижелері

61 келі

Іріктеу кезеңі - Бауыржан Төребек (Қазақстан) – Кумсонг Ри (Солт.Корея) – 3:8

74 келі

Іріктеу кезеңі - Данияр Қайсанов (Қазақстан) – Отгонбаяр Батсури (Моңғолия) – 8:1

¼ финал - Данияр Қайсанов (Қазақстан) – Артем Присяжнюк (Өзбекстан) – 12:0

½ финал - Данияр Қайсанов (Қазақстан) – Адам Батыров (Бахрейн) – 0:0

Финал - Данияр Қайсанов (Қазақстан) – Амит Кумар (Үндістан) -

86 келі

Іріктеу кезеңі – Әділет Дауламбаев (Қазақстан) – Д.Надер (Ливан) – 9:6

¼ финал – А.Вахобов (Өзбекстан) – Әділет Дауламбаев (Қазақстан) – 14:8

92 келі

Іріктеу кезеңі – Ералы Әбдірашев (Қазақстан) – Азат Гаджиев (Түркіменстан) – 7:0

¼ финал – А.Солиев (Өзбекстан) - Ералы Абдрашев (Қазақстан) – 10:0

125 келі

Іріктеу кезеңі – Олег Болтин (Қазақстан) – Л.Мунхтур (Моңғолия) – 2:0

¼ финал – Хасанбой Рахимов (Өзбекстан) - Олег Болтин (Қазақстан) – 2:0

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар