Наурыз мерекесі құтты болсын!

15:07 | 19 марта 2022

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ырыс пен берекенің бастауы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Нұрлы да ізгі Наурыз мерекесі қарсаңында елімізді одан әрі дамыту жолындағы қызметтеріңізге сәттілік, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақыт, тіршіліктің тума бұлағындай қайнарлы тың ғұмыр, күш-қуатыңыздың таусылмауын, көңілге көктем ұялатар мейірім нұрын тілеймін!

Ұлыс оң болып, әрбір күніңіз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Ізгі тілекпен,

Қазақстан күрес Федерациясы басшысы

Дәулет Тұрлыханов.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях