Пресс-релиз

19:37 | 05 апреля 2022

Пресс-релиз

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (U17, U23).

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан Республикасының күрес федерациясы.

Мақсаты мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, ювеналды қылмыстың алдын алу;

- Қазақстандағы олимпиадалық күрес түрлерінің беделін арттыру және дәріптеу;

- Азия және әлем чемпионаттарына қатысу үшін Қазақстан құрама командаларын қалыптастыру (U17, U23).

Өткізу күні мен орны

Қызылорда қ., 2022 жылғы 6-16 сәуір, Е.Демесинов көшесі 57, «Мұз айдыны» спорт кешені. Жарыс күн сайын сағат 10.30 басталады. Финалдық кездесулер күн сайын сағат 18.00-ден басталады.

Қазақстан Республикасы чемпионатының бағдарламасы.

6 сәуір-келу күні, мандаттық комиссия және жеребе тастау.

7-8 сәуір – еркін күрес (U17) 10 салмақ дәрежесінде – 288 қатысушы.

8-9 сәуір – еркін күрес (U23) 10 салмақ дәрежесінде – 242 қатысушы.

10 сәуір – әйелдер күресі(U17) 10 салмақ дәрежесінде – 149 қатысушы.

11 сәуір – әйелдер күресі (U23) 10 салмақ дәрежесінде – 110 қатысушы.

12-13 сәуір – грек-рим күресі (U17) 10 салмақ дәрежесінде – 278 қатысушы.

14-15 сәуір – грек-рим күресі(U23) 10 салмақ дәрежесінде – 23 қатысушы.

16 сәуір – командалардың қайтатын күні.

Қатысушылар құрамы, қатысушылар саны.

Республикалық ресми жарыстарға 17 және 23 жастан аспаған күрестің әр стилінде 10 салмақ дәрежесінде 17 өңірлік команда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және 14 облыс) қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 1290 спортшыны құрайды.

Өткізу ережелері және төрешілер корпусы

Қазақстан Республикасының чемпионаты UUW (United World Wrestling) қабылданған және қолданыстағы ережелеріне сәйкес ұлттық және халықаралық санаттағы, оның ішінде олимпиадалық (1s) санаттағы судьялардың қатысуымен өткізіледі.

Қосымша ақпарат

Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет Біріккен (жиынтық) форматта екі жас бойынша (U17, U23) өткізіледі. Осындай формат алғаш рет 2022 жылы Сауд Арабиясында өтетін Азия чемпионатында қолданылатын болады.

Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты YouTube хостингінде күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. "Qazsport" республикалық телеарнасы күн сайын әрбір жарыс күні туралы жедел ақпарат беріп отырады, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне әрбір жарыс күнінің онлайн нәтижелері әр салмақ санатында ұсынылады.

Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (U17, U23) бойынша баспасөз мәслихаты 7 сәуір күні сағат 15.30-да Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1 (Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты) мекен-жайы бойынша өтеді.

Ақпараттық қолдауды және аккредиттеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша 8 (702) 2882333 және 8 (775) 615 36 80 телефондарына хабарласуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының күрес Федерациясының баспасөз қызметі.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях