Қызылордада чемпионат басталды.

00:16 | 08 апреля 2022

Қызылордада чемпионат басталды.

Бүгін "Мұз айдыны" спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен (U17, U23) Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге Қайрат Ырзақұлұлы Сыр төрінде осындай жоғары деңгейдегі жарыстың өтуіне атсалысқан барша жандарға алғысын білдіріп, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлының құттықтауын жеткізді.

Чемпионатта Азия құрлығының және Қазақстан Республикасының федерациясының президенті, КСРО 7 дүркін чемпионы, Еуропа, әлем чемпионы, Азияның 2 дүркін чемпионы, Азия Ойындарының чемпионы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрлыханов Дәулет Болатұлы бастаған қадірлі қонақтар өз лебіздерін білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, Дәулет Болатұлы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлына спортқа жанашырлық білдіріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс хат табыстады.

Тартысты бәсекеге республикалық ресми жарыстарға 17 және 23 жастан аспаған күрестің әр стилінде 10 салмақ дәрежесінде 17 өңірлік командадан (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және 14 облыс) 1290 спортшы қатысуда.

Бүгін жарыстың алғашқы күні болғанымен, спортшылардың қарқыны өте мықты болды, бірінші күннің нәтижесімен жеңімпаз, жүлдегер атанған палуандар марапат төрінен көрінді.

Айта кететін жайт бүгін спортшыларымыз еркін күресінен өнер көретті. Алдағы күндері палуандар әйелдер және грек-рим күресінен бақтарын сынамақ

Естеріңізге сала кетейік,чемпионатты YouTube хостингінде күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен бірге, "Qazsport" республикалық телеарнасы күн сайын әрбір жарыс күні туралы жедел ақпарат беріп отырады.

Қазақстан Республикасының күрес Федерациясының баспасөз қызметі

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях