ЕГІЗДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

18:39 | 22 апреля 2022

ЕГІЗДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Бұл күндері Улан- Баторда Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр.

Ел құрамасының спортшылары ауыз толтырып айтарлық нәтиже көрсетуде.

Кеше отандасымыз Мадина Бақбергенова құрама қоржынын кезекті алтын медальмен толықтырды. Финалдық белдесуде Токио олимпиадасының жүлдегері қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы жеңіп, сенсация тіркеді.

Алтын медальдың тағдыры кездесудің соңғы секундтарында шешіліп, қазақ қызының еншісіне бұйырды. Сондай-ақ Гүлмарал Еркебаева үздік ештікке еніп, қола жүлдеге иелік етті.

Ал бүгін Мадинаның егізі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жамиля Бақбергенова Азия чемпионатындағы екінші алтынын иемденді.

Ол осы жарыста моңғол, өзбек, үнді, жапон балуандарын тізе бүктіріп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Сонымен қатар бүгін Жұлдыз Эшимова біріншіліктің қола жүлдесін жеңіп алды.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях