Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің көрінісі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі болып саналады.
Ежелден «бірлік түбі — береке» деген елміз. Сондықтан, аталған мерекенің Тәуелсіздік тарихында да алар орны ерекше. Өйткені, бірлік пен ынтымақ – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Көне тарихтың қай парағын ашсаңыз да халықтың, елдің ұлы армандарының алдыңда елдің бірлігі, татулығы тұрғандығын көреміз.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың әділетті қағидаттары - өз мәдениетін дамыту, туған тілін, салт-дәстүрлерін сақтау құқықтары нығая түсті.
0 комментариев