Ораза Айт құтты болсын!
12:28 | 02 мая 2022

Ораза Айт құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мұсылман қауымының ұлық мерекесі болып саналатын Ораза Айт мерекесімен құттықтаймын!
Отыз күнгі Ораза уақыты аяқталып, барша қауым қасиетті Рамазан айымен келер жылға дейін қоштасып, Жаратқаннан береке мен бірлік, мейірім мен шапағат тілейтін бұл мереке шын мәнінде Рухани жаңару күні десе де болғандай. Сондықтан, баршаңызды бүгінгі тамаша мерекемен құттықтай отырып, Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын деп тілеймін! Келер Рамазан айына төрт көзіміз түгел жетуге жазсын!
Тәуелсіз Отанымыздың әр күні береке мен бірлікке толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
0 комментариев