Мереке құтты болсын!

12:20 | 07 мая 2022

Мереке құтты болсын!

Құрметті әріптестер және достар!

Баршаңызды тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Бабаларымыз әр сүйем жерді, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап келді.

Қазақстан өзінің Қарулы Күштерін құрғаннан кейін тәуелсіздіктің берік қалқанын қалыптастырды. Армиямыз жаһандық қауіп-қатерге төтеп беретін, жерде де, әуеде де, суда да бәсекеге қабілетті қуатты күшке айналды. Бұл –еліміздің негізгі жетістіктерінің бірі.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар.

Еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды бақыт тілеймін! Алдағы уақытта да елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі тірегі саналатын Қарулы Күштеріміздің әлеуеті артып, абыройы асқақтай берсін! Әскеріміз айбынды, қорғанысымыз қуатты болсын!

Игі тілекпен, Қазақстан Республикасының грек-рим еркін және әйелдер күресі Федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях