БАЛУАНДАРЫМЫЗ ҚОМАҚТЫ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

10:20 | 16 мая 2022

БАЛУАНДАРЫМЫЗ

ҚОМАҚТЫ ТАБЫСҚА

ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

15 мамыр күні Болгарияның астанасы София қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрес түрлерінен "Петро Сираков&Иван Илиев" мемориалы өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы қомақты табысқа қол жеткізді.

Еркін күрес балуандары жалпыкомандалық есепте топ жарса, екінші орынға Түркия командасы ие болды. Үшінші орында кілем иелері - Болгария құрамасы.

Еркін күрес балуандарынан ел қоржынына Дәулет Теміржанов (57 келі), Әсет Бауыржанов (65 келі), Досжан Әсетов (70 келі), Шыңғыс Мұхаметқалиев (74 келі), Дәулет Ергеш (79 келі), Мақсат Сатыбалды (86 келі) және Юнис Гафуров (97 келі) алтын жүлде салса, Мұхамед Балғабай (57 келі), Өсімжан Дастанбек (61 келі), Азиз Әуелханов 74 келі), Айдар Жылқайдаров (79 келі), Бекзат Жұманалы (86 келі) және Әкежан Айтбеков (97 келі) күміспен күптелді. Нұртілек Оңдасын (57 келі), Асылжан Есенгелді мен Әділхан Албайұлы (екеуі де 61 келі), Бекзат Ермекбай мен Адлан Асқаров (екеуі де 65 келі), Еркебұлан Шынықұл (70 келі), Жеңіс Қаныбеков (74 келі), Рүстем Мырзағалиев (79 келі) және Ерсұлтан Ерболатұлы (86 келі) қолаға қол жеткізді.

Грек-рим күресі балуандары да жалпыкомандалық есепте топ жарды. Екінші орында Түркия, үшінші орында Иран құрамалары.

Классиктерден турнир жеңімпаздары атанғандар: Ерсін Абиыр (55 келі), Ержет Жарылқасын (63 келі) және Алматбек Аманбек (67 келі).

Нұрзат Қабдырахимов (55 келі), Сырым Сәрсен (67 келі) және Әлібек Сәрсенғалиевтер (130 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Азамат Құрман мен Олжас Сұлтан (екеуі де 60 келі), Әлихан Көкенов (72 келі), Мәлік Жалелов пен Расул Жүніс (екеуі де 77 келі), Темірхан Байғанин (82 келі) және Жантас Нұрғалидың (87 келі) еншісінде қола жүлде.

Қыздарымыз да жақсы өнер көрсетіп жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бас жүлде Түркия құрамасында болса, кілем иелері болгарлар үздік үштікті түйіндеді.

Қыздардан турнирдің ең биік тұғырынан көрінгендер: Диана Қаюмова (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі) және Гүлсезім Бухаева (65 келі).

Турнирдің күміс жүлдесін иеленгендер: Мәдина Жеңісқызы (50 келі), Лаура Алмағанбетова (55 келі), Гүлдана Бекеш (57 келі), Албина Қайыргелдинова (68 келі) және Іңкәр Жанатаева (76 келі).

Ел қоржынына қола жүлде салған қыздарымыз: Айгерім Ибрашева (59 келі), Меруерт Иманбекова (65 келі) және Айнагүл Абирова (76 келі).

Бұл 23 жасқа дейінгі спортшылар ел күресінің болашағы болып табылады. Олардың осы халықаралық турнирдегі жеңістері болашақ әлемдік додалардың бастамасы болсын дейміз.

Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының баспасөз қызметі.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях