Ұлы Отан Соғысы ардагерін еске алды.

Ұлы Отан Соғысы ардагерін еске алды.
2022 жылдың 12-14 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Ұлы Жеңіс күніне орай және Ұлы Отан соғысының ардагері Кушев Сағынбас Есжанұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында дәстүрлі VII республикалық турнир өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының тиісті дәрежелі дипломлары мен медальдарымен, үздік деп танылған спортшылар Бөрлі ауданының грек-рим және еркін күрес федерациясы атынан велосипедпен және үздік төреші смартфон телефонмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрлі жарыстын жалпы жүлде қоры 1 100 000 теңге құрады.
Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының баспасөз қызметі.
0 комментариев