Референдумға қатысу зор жауапкершілік.

13:31 | 22 мая 2022

Референдумға қатысу зор жауапкершілік.

Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет.

Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген.

Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған дауыс беруі керек. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс.

Сондықтан баршаңызды 5 маусым дауыс беруге шақырамын.

Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының басшысы

Дәулет Тұрлыханов.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях