Қайырлы күн.құрметті достар!

19:41 | 02 июля 2022

Қайырлы күн.құрметті достар!

2022 жылдың 27 маусым - 1 шілде аралығында Қарағанды қаласында ересеқтер арасында грек-рим,еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталмыш чемпионатқа Еліміздің 18 өңірінен келген 500 астам спортшы бақтарын сынады. Чемпионатта халықаралық, соның ішінде 3 олимпиадалық, сондай-ақ ұлттық санаттағы 43 төреші қызмет жасады.

Чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке, Қарағанды облысы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының төрағасы Асылбек Дүйсебаев мырзаға, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Серікбайұлына, сонымен қатар чемпионаттың демушілері мен спорт жанашырларына, жанкүйерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін.

Құрметпен, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях