ЭЛМИРА ФРАНЦИЯДА ТОП ЖАРДЫ!

12:37 | 21 января 2023

ЭЛМИРА

ФРАНЦИЯДА ТОП ЖАРДЫ!

20 қаңтар күні Ницца қаласында күрес түрлерінен Анри Дегланді еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы сапында жалғыз спортшы қатысуда, ел намысын 76 келіде қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш Олимпиада ойындарының жүлдегері және Азия Ойындарының қола жүлдегері Элмира Сыздықова қорғады. Ұзақ жылғы үзілістен соң боз кілемге қайта оралған Эльмира өзінің алғашқы додасында ел қоржынына алтын жүлде салды.

Алғашқы белдесуінде неміс қызы Лаура Селиннен басым түскен жерлесіміз одан кейін АҚШ өкілі Алексис Кеннедиді қапы қалдырды. Жартылай финалда Канада балуаны Тейлор Фолленси қазақ қызына еш қайрат көрсете алмады. Финалда тағы бір канадалық Жюстина Стасионы ұтқан Элмира Сыздықова осылайша Францияда топ жарды.

0 комментариев

Вы можете авторизироваться через:

Мы в соцсетях