Алда сайлау.

Алда сайлау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі жарлығымен жетінші сайланған Мәжілісті таратып, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын осы жылдың 19 наурызына тағайындады. Енді Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады.
Нақтырақ айтқанда, мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді.
Осылайша алдағы сайлау жаңа Конституциялық өзгерістер негізінде жаңа тәртіппен өткелі отыр. Ел азаматтары дауыс беру арқылы өздерінің қолдау білдіретін партиялары мен саясаткерлерін таңдай алады. Мұндай қадам елімізде демократияны нығайтуға және халықтың алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.
Елдегі кешенді және түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып, билік институттарын құру ісі аса жауапты міндет. Сондықтан да бұл жолғы сайлаудың қоғамдық-саяси маңызы өте зор. Ол ашық саяси бәсеке, яғни сайлау арқылы жүзеге асады.
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі ұлттық Федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.
0 комментариев