Жаңалықтар

20:32 | 18 маусым 2017
Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің жас балуандары жарыстың соңғы күні ел қоржынына 1 күміс, 3 қола медаль салды. Азия чемпионатының соңғы күнін еркін күрес балуандары қорытындылады. Алдымен бозкілемге шыққан 55 келі салмақтағы Қуатбек Мұхаммед финалға дейін қарсыластарын қапы қалдырып, Азия чемпионатының ақтық белдесуіне шыққан. Өкінішке қарай, отандасымыз күміс медальмен күптелді. Финалда Қуатбек өзбек…
20:02 | 17 маусым 2017
Тайпейдің Тайчунг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Қыздар күресінде 63 келі салмақта белдескен Айна Теміртасова финалда жапониялық балуанды жеңіп, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, еркін күрес бәсекесінде 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Дархан Қалкенов финалда моңғолиялық балуаннан ұтылып, Азия чемпионатының күміс алқасына ие болды. Азия чемпионатының үшінші күні бозкілемге шыққан…
20:11 | 16 маусым 2017
Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті. Бозкілемге шыққан балуандар арасында 50 келі салмақта күрескен грек-рим күресінің шебері Алпамыс Дастанбек чемпионаттың күміс медаліне қол жеткізді. Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресінің балуандары жарысты қорытындылады. Кеше сегіз салмақтың алтауында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған еді. Бүгін қалған екі салмақтағы мықтылардың есімдері белгілі болды. 50…
20:39 | 15 маусым 2017
Бүгін Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының жас балуандары 1 күміс, 3 қола медальға ие болды. Азия чемпионатының алғашқы күні жарысты грек-рим күресінің балуандары бастады. 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Мерей Бекенов екі бірдей қарсыласын ұтып, финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін болған айқаста Мерейдің жолына ирандық балуан тосқауыл…
14:43 | 14 маусым 2017
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Грек-рим-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы еліміздің күрес саласынының дамуына зор үлес қосқан Алексей Арсентьевич Семкинді 80 жасқа толған туған күнімен құттықтайды. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Алексей Арсентьевич өткен ғасырдың 60-шы жылдары бозкілемде талай қарсыласын қапы қалдырып, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. Қазақ КСР-нің жеті дүркін жеңімпазы атанған балуан КСРО чемпионатында…

Әлеуметтік желідегі парақшалар