Новости

12:28 | 02 мая 2022
Ораза Айт құтты болсын! Құрметті әріптестер! Сіздерді мұсылман қауымының ұлық мерекесі болып саналатын Ораза Айт мерекесімен құттықтаймын! Отыз күнгі Ораза уақыты аяқталып, барша қауым қасиетті Рамазан айымен келер жылға дейін қоштасып, Жаратқаннан береке мен бірлік, мейірім мен шапағат тілейтін бұл мереке шын мәнінде Рухани жаңару күні десе де болғандай. Сондықтан, баршаңызды бүгінгі тамаша мерекемен құттықтай отырып, Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз,…
01:35 | 02 мая 2022
Құрметті отандастар! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің көрінісі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі болып саналады. Ежелден «бірлік түбі — береке» деген елміз. Сондықтан, аталған мерекенің Тәуелсіздік тарихында да алар орны ерекше. Өйткені, бірлік пен ынтымақ – мемлекетіміздің тұрақты дамуының…
13:17 | 25 апреля 2022
АЗАМАТ - АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды. 86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды. Ал Рахат Қалжан(57 кг), Нұрқожа Қайпанов (74кг) және Әлішер Ерғали (125 кг) чемпионаттың күміс жүлдесін қанжығаларына байлады. Ақбар Құрбанов (61кг), Талғат Сырбаз (70кг), Әділет Давлумбаев(92кг) және Мамед Ибрагимовтер (97кг) қола жүлде иегерлері атанды. Қазақстан Республикасының күрес Федерациясының…
18:39 | 22 апреля 2022
ЕГІЗДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ Бұл күндері Улан- Баторда Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр. Ел құрамасының спортшылары ауыз толтырып айтарлық нәтиже көрсетуде. Кеше отандасымыз Мадина Бақбергенова құрама қоржынын кезекті алтын медальмен толықтырды. Финалдық белдесуде Токио олимпиадасының жүлдегері қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы жеңіп, сенсация тіркеді. Алтын медальдың тағдыры кездесудің соңғы секундтарында шешіліп, қазақ қызының еншісіне бұйырды. Сондай-ақ Гүлмарал Еркебаева үздік ештікке еніп, қола…
22:08 | 21 апреля 2022
МӘДИНА - АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, ГҮЛМАРАЛ - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР! Ұлан-Батор қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі үшінші күні боз кілемде қыздарымыз 50, 55, 59, 68 және 76 келі салмақта белдесті. Қазақстан Республикасының құрамасы сапында 68 келіде сынға түскен Мәдина Бақбергенова ақтық сында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейірім Жұманазарованы (Қырғызстан) ұтып, Азия чемпионы атанса, 76 келідегі балуан қызымыз Гүлмарал Еркебаева…

Мы в соцсетях