Новости

22:08 | 21 апреля 2022
МӘДИНА - АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, ГҮЛМАРАЛ - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР! Ұлан-Батор қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі үшінші күні боз кілемде қыздарымыз 50, 55, 59, 68 және 76 келі салмақта белдесті. Қазақстан Республикасының құрамасы сапында 68 келіде сынға түскен Мәдина Бақбергенова ақтық сында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейірім Жұманазарованы (Қырғызстан) ұтып, Азия чемпионы атанса, 76 келідегі балуан қызымыз Гүлмарал Еркебаева…
13:17 | 21 апреля 2022
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты - 2022 Екінші күн «КЛАССИКТЕРІМІЗ» ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ! Бүгін Моңғолияның астанасы Ұлан-Батор қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы бәскелер аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлдеге қол жеткізіп,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан…
23:32 | 19 апреля 2022
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты - 2022. ҚОРЖЫНДА БІР АЛТЫН, ҮШ КҮМІС, БІР ҚОЛА Бүгін, Моңғолияның астанасы Улан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыс кестесіне сай боз кілемге алғаш болып грек-рим күрес шеберлері шығып, 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақта белдесті. Қазақстан құрамасы балуандары ел намысын абыроймен қорғап, ел қоржынына алғашқы жүлделерді салды. Атап айтар болсақ…
14:26 | 18 апреля 2022
“QazSport” арнасы күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалдық белдесулерін тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен күн сайын 16.00 - 19.10 да өтеді. Эфир кестесі: 19 сәуір - Грек-рим күресі ( -55; -63; -77; -87; -130 кг) 20 сәуір - Грек-рим күресі ( -60; -67; -72; -82; -97 кг) 21 сәуір - Әйелдер күресі ( -50; -55; -59; -68; -76 кг)…
11:41 | 17 апреля 2022
Марат Өмірбекұлы, жаңа жасыныз құтты болсын! Құрметті Марат Өмірбекұлы! Сізді келген жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, отбасыңызыға амандық, бақыт тілейміз! Ел үшін жасап жатқан еңбегіңіз, жемісін әкелсін! Құрметпен, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының ұжымы.

Мы в соцсетях