27 маусым күні басталатын Таиландтың Паттайя қаласындағы күрес түрлерінен U15 және U20 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 60 балуан сынға түседі.
Қазақстан құрамасы ел намысын екі жас санатында үш күрес түрі бойынша қорғайды. Оның ішінде U15 санатында 30 балуан, U20 санатында 30 балуан бар.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, спортшылар әр жас санатында және әр стильде 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Құрама сапында U15 санатында 2011-2013 жылдары туған балуандар, ал U20 санатында 2006-2008 жылдары туған спортшылар тіркелген. Бұл дода жас спортшылар үшін Азия деңгейіндегі маңызды сынақтың бірі болмақ.
Командамен бірге Таиландқа 28 бапкер, 1 медицина қызметкері және 8 төреші барады. Барлық қатысушылар жарысқа ресми түрде тіркелген.