Жалпы 24.06.2026

«Бір федерация, бір дерекқор, бір стандарт және бір мақсат болуы керек» – Қайрат Әзімов

«Бір федерация, бір дерекқор, бір стандарт және бір мақсат болуы керек» – Қайрат Әзімов
← Артқа — Жаңалықтар

Қазақстан күрес федерациясының халықаралық ынтымақтастық және протокол қызметінің директоры Қайрат Әзімов Конгресс барысында қазақстандық күресті халықаралық деңгейде дамыту, федерация қызметін жүйелеу және бірыңғай стандарт қалыптастыру бағытындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.

«Бүгінгі стратегиямыздың өзегі – біртұтас жүйе қалыптастыру, қуатты өңірлерді дамыту және сол арқылы жеңісті болашаққа жол ашу. Бізге енді ретсіз әрекет емес, нақты жұмыс істейтін вертикалды жүйе қажет. Федерация мен өңірлер бірдей регламент, бірдей ереже және ортақ стандарт бойынша жұмыс істеуі тиіс. Алдағы уақытта спортшылардың электрондық базасы, бапкерлер мен төрешілердің реестрі, рейтинг пен статистика жүйесі толық реттеледі. Әр спортшының ұпай жинауы, құрамаға кіруі, мемлекеттік қолдау мен гранттарға қол жеткізуі ашық әрі түсінікті жүйе арқылы жүргізілетін болады. Бұдан бөлек, өңірлік федерациялардың жұмысына да нақты KPI енгізіледі.

Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – 2036 жылға дейін Қазақстанды әлемдегі үздік 5 күрес державаның қатарына енгізу үшін Олимпиада ойындарында тұрақты түрде медальдар алу, әлем чемпионаттарында жыл сайын ТОП-10 қатарында болу, әйелдер күресінен Азия мықтыларының қатарына кіруді басты стратегиялық жоспар етіп бекітетін боламыз. Ол үшін «Ұлттық балуан картасы», Халықаралық күрес академиясы, Wrestling Digital Hub, «Бапкер – 2030» бағдарламасы және ғылыми-инновациялық қолдау бағыттары жүзеге арасылады», – деді Қайрат Әзімов.

 

Бөлісу