Жалпы 24.06.2026

«Басты мақсат – Азия ойындары мен Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсету» – Данияр Қайсанов

«Басты мақсат – Азия ойындары мен Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсету» – Данияр Қайсанов
← Артқа — Жаңалықтар

Конгресс барысында еркін күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов құраманың 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысы туралы айтты.

«2026 жылдың бірінші бөлігінде еркін күресінің құрамасы 4 халықаралық жарысқа қатысты. Жалпы есепте спортшыларымыз 20 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 6 күміс және 10 қола. Әсіресе, U23 Азия чемпионатындағы нәтиже жастар резервінің әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Бұл алдағы Олимпиадалық цикл үшін маңызды көрсеткіш. Алдағы негізгі жарыстар – Азия ойындары мен Астанада өтетін Әлем чемпионаты. Бұл жарыстарға қатысатын құрам Венгриядағы рейтингтік турнирдің қорытындысы бойынша нақтыланады.

Қазіргі басты мәселенің бірі – 86, 92, 97 және 125 келі салмақтарда жоғары деңгейлі спарринг-серіктестердің тапшылығы. Сондықтан шетелдік құрамалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын көбейтіп, ауыр салмақтағы резервті күшейтуіміз қажет. Біздің мақсатымыз – Қазақстан еркін күресінің деңгейін сақтап, Азия ойындары мен Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсету», – деді Данияр Қайсанов.

Бөлісу