Жалпы 24.06.2026

Күресті дамытуға үлес қосқан мамандар марапатталды

Күресті дамытуға үлес қосқан мамандар марапатталды
← Артқа — Жаңалықтар

Конгрестің барысында Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов елімізде күрес түрлерін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар маманды «Күресті дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

Марапат иелері қатарында Жұмахан Турғамбеков, Жұмаш Иманбаев, Марат Мұхамбетов, Ғабиден Райымбек, Төлеген Дюсембаев, Сағындық Бисембаев, Бектай Хасенов, Берік Алимов, Науаннұр Бақбергенұлы, Владислав Сутормин және Нұржігіт Ерімбетов сияқты грек-рим, еркін және әйелдер күресі бағытында еңбек етіп жүрген бапкерлер мен мамандар бар. 

Еркін Қадырғалиұлы сала мамандарын отандық күрестің дамуына, жас спортшыларды тәрбиелеуге және ұлттық құрамалардың қалыптасуына қосқан еңбектерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ, өңірлік федерациялардың басшыларына куәліктер табысталды.

Бөлісу