Жалпы 24.06.2026

«National Wrestling Club еліміздің ең мықты олимпиадалық резервін қалыптастыруға бағытталады» – Жандос Сайханов

«National Wrestling Club еліміздің ең мықты олимпиадалық резервін қалыптастыруға бағытталады» – Жандос Сайханов
← Артқа — Жаңалықтар

Конгресс барысында Халықаралық күрес академиясының басшысы Жандос Сайханов Қазақстан күрес академиясы және National Wrestling Club жобаларын тілге тиек етті.

«Қазақстан күрес академиясы мен National Wrestling Club бір-бірімен тығыз байланысты екі жоба. Екеуінің де ортақ мақсаты балалар спортынан бастап ұлттық құрамаға дейін балуандарды бір жүйемен дайындау. Яғни, талантты баланы ерте жастан анықтап, дұрыс бағыттау, сапалы жаттықтыру, тәрбиелеу және үлкен спортқа дайын күйінде жеткізу. Академия ұлттық спорт резервін даярлайтын орталық болуы тиіс. Мұнда спортшы тек күрес техникасын меңгеріп қана қоймай, тәртіпке, жауапкершілікке, ел намысын қорғауға және жеңіске дұрыс дайындалуға үйренеді.

Академияның негізгі міндеті – ұлттық құраманың резервін дайындау, үміткер спортшыларды қалыптастыру, орталықтандырылған оқу-жаттығу жиындарын өткізу, ғылыми-медициналық сүйемелдеуді күшейту, әйелдер күресін дамыту және бапкерлердің кадрлық резервін қалыптастыру. Ал National Wrestling Club еліміздің ең мықты олимпиадалық резервін қалыптастыруға бағытталады. Бұл клубқа жастар құрамасының көшбасшылары, ұлттық құрама резерві, Академияның перспективалы спортшылары және өңірлердің үздік балуандары тартылуы керек. Біздің 2032 жылға дейінгі мақсатымыз – біртұтас даярлау жүйесін құру», – деді Жандос Сайханов.

Бөлісу