Еркін күрес 30.06.2026

U15 еркін күрес балуандары Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтады

U15 еркін күрес балуандары Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтады
← Артқа — Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жарыс күнін бір алтын, төрт күміс және төрт қола медальмен қорытындылады. Ел қоржынына алтын медальды 41 келіге дейінгі салмақта белдескен Мирас Әбдікәрім салды.

Мирас Әбдікәрім жарысты ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Гонконг өкілі Шу Ян Сунгті 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Жартылай финалда ол Үндістанның балуаны Гаутам Гаутаммен кездесіп, 6:1 есебімен басым түсті. Ал алтын үшін белдесуде Мирас Өзбекстанның спортшысы Асомиддин Бадритдиновті 5:2 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Күміс медаль иегерлері:
Бектөре Заманбек (44 кг);
Әмір Серік (48 кг);
Наиль Зейналов (68 кг);
Ерсұлтан Сүлеймен (75 кг).

Қола медаль иегерлері:
Дамир Салават (38 кг);
Мадияр Әбдікәрімов (52 кг);
Бибарыс Түзелбаев (57 кг);
Зелимхан Цицкиев (85 кг).

Осылайша, жас балуандар Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Айта кетсек, U15 және U20 Азия чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.

Бөлісу