Жалпы 24.06.2026

«Әрбір чемпионның медалі болуы мүмкін. Бірақ әрбір спортшының болашағы болуы міндетті» – Досжан Шалқар

«Әрбір чемпионның медалі болуы мүмкін. Бірақ әрбір спортшының болашағы болуы міндетті» – Досжан Шалқар
← Артқа — Жаңалықтар

Конгресс барысында Шымкент қаласыкк үрес федерациясының басшысы Досжан Шалқар баяндама жасап, мектеп және студенттік күресті дамытуға арналған MKL және SWL жобалары туралы есеп берді.

«Қазіргі таңда өңірлік федерациялар бірнеше маңызды мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Миллионнан аса халқы бар Шымкент қаласында небәрі 8 күрес залы бар. Сонымен қатар спортшылардың бір жас санатынан келесісіне, әсіресе U17-ден U20-ға өту көрсеткіші төмен. Осы мәселелерді шешу үшін біз екі негізгі жобаны ұсынып отырмыз. Біріншісі – Mektep Kures Ligasy, екіншісі – Students Wrestling League. MKL-дің басты идеясы – күрес спорт мектебінде ғана емес, мектептің өзінде болуы керек. Шымкентте бұл бағытта 14 мектеппен жұмыс басталды. Мақсатымыз – балалардың тұрақты жарысып, рейтинг жинап, өз мектебінің намысын қорғауына мүмкіндік беру.

Ал SWL жобасы мектептен кейін спортшыларды жоғалтып алмауға бағытталған. Себебі көптеген жас спортшының алдында «спорт па, әлде білім бе?» деген таңдау тұрады. Біздің ұстанымымыз – спорт пен білім қатар жүруі керек. Университеттер өз күрес клубтарын қалыптастырып, үздік спортшыларға грант, жатақхана және шәкіртақы ұсынуға ұмтылуы қажет. MKL – бұқаралық спорт пен таланттарды анықтау жүйесі болса, SWL – сол таланттарды сақтап, жоғары деңгейге шығару жүйесі», – деді Досжан Шалқар.

Бөлісу