Жалпы 24.06.2026

«Әйелдер күресінің әлеуеті бар, ендігі мақсат – оны жүйелі нәтижеге айналдыру» – Нұрсұлтан Теміров

«Әйелдер күресінің әлеуеті бар, ендігі мақсат – оны жүйелі нәтижеге айналдыру» – Нұрсұлтан Теміров
← Артқа — Жаңалықтар

Әйелдер күресінің қазіргі жағдайын саралаған Нұрсұлтан Теміров ұлттық құраманың биылғы нәтижесіне, жастар резервінің әлеуетіне және алдағы жауапты жарыстарға дайындық барысына тоқталды.

«Биыл әйелдер құрамасы бірнеше маңызды халықаралық жарысқа қатысып, жалпы 14 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 алтын, 2 күміс және 8 қола жүлде бар. U23 Азия чемпионатында жастар құрамасының 6 медаль алуы болашақ резервтің әлеуеті жоғары екенін дәлелдеді.

Ересектер арасындағы Азия чемпионатында Гүлмарал Еркебаеваның 76 келідегі қола жүлдесі құрама балуандарының дайындық сапасын арттырып, әр салмақта ішкі бәсекені күшейту қажет екенін де байқатты. Бапкерлер штабы үшін қазір ең маңызды міндет – алдағы Азия ойындары мен Әлем чемпионатына әр салмақта ең дайын, тұрақты әрі халықаралық деңгейдегі бәсекеге төтеп бере алатын спортшыларды іріктеу.

Әйелдер күресінде халықаралық тәжірибені көбейту, мықты қарсыластармен жиі белдесу, белдесудің соңына дейін қарқынды сақтау, салмақ қуу мен қалпына келу жұмысын жүйелеу маңызды. Біздің мақсатымыз – тұрақты нәтиже көрсететін команданы қалыптастырып, 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға бәсекеге қабілетті құраманы дайындау», деді Нұрсұлтан Теміров.

 

 

Бөлісу