Жалпы 02.07.2026

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
← Артқа — Жаңалықтар

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов, United World Wrestling президенті Ненад Лалович, UWW вице-президенті әрі UWW Африка президенті Фуад Мескоут, сондай-ақ UWW Азия президенті Мохаммед Әл-Ауамлех қатысты.

Салтанатты шара барысында мәртебелі қонақтарға университеттің заманауи инфрақұрылымы таныстырылды. Оларға оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізілетін озық технологиялар, спортшылар мен болашақ мамандарға арналған оқу-жаттығу кеңістіктері, сондай-ақ кәсіби кадр даярлауға бағытталған жаңа мүмкіндіктер көрсетілді.

Экскурсия кезінде университеттің спорт саласындағы білім беру сапасын арттыруға, ғылыми ізденістерді дамытуға және халықаралық тәжірибені енгізуге басымдық беретіні айтылды. Сонымен қатар оқу орнының болашақта жоғары білікті жаттықтырушылар, спорт менеджерлері, төрешілер, ғылыми қызметкерлер және өзге де сала мамандарын даярлауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылуы еліміздегі спорттық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам саналады. Жаңа оқу орны ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлерін ғылыми, әдістемелік және кәсіби тұрғыдан дамытуға серпін бермек.

Бөлісу