Жалпы 10.07.2026

Астанада 2026 жылғы күрестен әлем чемпионатына дайындық аясында United World Wrestling өкілдерінің жұмыс сапары өтті

Астанада 2026 жылғы күрестен әлем чемпионатына дайындық аясында United World Wrestling өкілдерінің жұмыс сапары өтті
← Артқа — Жаңалықтар

9-10 шілде күндері елордада 2026 жылы өтетін күрестен Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін талқылау мақсатында United World Wrestling (UWW) өкілдерінің жұмыс сапары ұйымдастырылды.

UWW делегациясының құрамында Sport Presentation бағытының менеджері Фредерик Тошон және TV Production бойынша кеңесші Денис Харви болды. Мамандар Қазақстан күрес федерациясы, чемпионаттың Ұйымдастыру комитеті, техникалық мердігерлер және телевизиялық серіктес өкілдерімен кездесіп, турнирді жоғары деңгейде өткізуге қатысты негізгі бағыттарды талқылады.

Сапардың алғашқы күні спорттық презентация, жарыс концепциясы, UWW талаптары, ашылу және марапаттау рәсімдерін ұйымдастыру, сондай-ақ техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесулері өтті.

10 шілде күні телевизиялық өндіріс бағыты бойынша жиын ұйымдастырылды. Кездесу барысында камералық жоспар, комментаторлар орналасатын орындар, Mixed Zone, TV Compound, медиа аймақтар және халықаралық трансляцияның басқа да маңызды элементтері қарастырылды.

Сонымен қатар, UWW мамандары Barys Arena нысанын аралап, жарыс алаңының орналасуы, кілемдер, спортшылар аймағы, жарықтандыру, БАҚ өкілдеріне арналған инфрақұрылым және телевизиялық жабдықтарға арналған орындарды тексерді.

Сапар қорытындысы бойынша алдағы жұмыстардың кезеңдері белгіленіп, 2026 жылғы Астанада өтетін күрестен Әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізу үшін нақты міндеттер айқындалды.

 

Бөлісу